«Мақтанышым, Атам мен Әжем»
Мектепке дейінгі ортаңғы «Жұлдыз» тобы
Тақырыбы:«Мақтанышым, Атам мен Әжем»
Мақсаты:1-қазан қарттар күніне түсінік беру.Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену.Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Барысы: Мектепке дейінгі ортаңғы «Жұлдыз» тобында «Мақтанышым, Атам мен Әжем!» атты ұйымдастырылған іс-әрекет ұйымдастырылып өткізілді. Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілерге ата мен әжелер мерекесі туралы айтып өттік. Балалар үлкендерге құрмет көрсете білуге үйренді. Балалар ата, апаларына арналған өлең жолдарын айтты. Және де әжелерге арналған «Сағындық әже» әнін орындады. Балалар шығармашылық орталығында қыздар әжелерге арналған қошқар мүйіз оюын жапсыру іс-әрекеті арқылы қима қағаздарды оюдың үстіне желімді пайдалау арқылы жапсырды. Ұлдар атаға арналған тақияға қошқар мүйізді орналастырды.


