«Ғарыштың ғажайыптары» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сәуір
2024

«Ғарыштың ғажайыптары»

Мектепке дейінгі ересек жас "Жауқазын" тобы «Ғарыштың ғажайыптары» ұйымдастырылған іс-әрекет.

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Топ тақырыпқа сай безендірілген. Балалар ғарышкерлердің киімдерін киіп, топқа мызыка әуенімен кірді.  Бір-біріне жылы лебіздерін айтып орындарына жайғасты.

Балалармен ғарыш әлемі туралы сұрақ-жауап жүргізілді. 

Тосын сәт:Аспан әлемінен қонаққа Зымырандар  үшып келді.  Балаларды аспан әлеміне саяхатқа апаратынын айтты.Балалар  ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап айтты. 

Би: «Ғарышкерлер» 

Топтармен жұмыс: балаларды зымырандар,  ғарышкерлер, күн, ай, планеталар болып  карточкалар арқылы топқа бөлінді. Сол топтармен ойындар ойналды.

Дидактикалық ойын: «Құрастыр және тап»
 Ойын шарты: балалар кима қағаздарды құрастыра отырып, не бейнеленгенін тауып айтты. 

Күн:

 Дидактикалық ойын: «Түстерді сәйкестендір»

Ойын шарты: балалар планеталардың бөліктерін тауып, сәйкестендіріп орналастырды.

Ғарышкерлер:

Дидактикалық ойын: «Құрастыр және тап»
Ойын шарты: балалар кима қағаздарды құрастыра отырып, не бейнеленгенін тауып айттды. 

Ай: 

Дидактикалық ойын: «Зымыран қайда барады?»
 Ойын шарты: балалар  берілген суреттерден қаламмен сызу арқылы зымыранның қайда баратынын тауып айтады, көрсетті. 

Планеталар:

 Дидактикалық ойын: «Ғарышта не бар?»
 Ойын шарты: балалар ғарышта нені көруге болатынын айтып, суреттерді  аспан әдеміне орналастырды. 

Хор: «Мен ғарышкер боламын» 

Ойын: «Зымыран ұшты»

Шарты: Балалар 4 топқа 4 баладан болып бөлініп тұрды  да түтікшені үрлеу арқылы зымыранды үшырды. 

Шығармашылық ортамен  жұмыс: «Мен ғарышқа ұшамын!»
 Балалар ғарышкер суретін бояп, оны қиып алды. Қиып алынған суретке өз суреттерін басына жапсырып, таяқшаға желімдеді. Қағазды умажрап, планета  жасап, таяқшаны  сол планетаға бекітті. 




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив