«Тәуелсіз Қазақстаным!»
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда азаматтық негіздері мен патриотизмді қалыптастыру, туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:- өздері тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы туралы білімдерін жетілдіру;
- балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту;
- еліміздің жетістіктеріне мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектепке дейінгі ересек жас «Жауқазын» тобында
«Тәуелсіз Қазақстаным!» атты тақырыптық іс-әрекет ұйымдастырылды. Ұйымдастырылғын іс-әрекет балалардың гимн орындауымен басталды. Балаларға сурет арқылы тәуелсіздік туралы мәлімет берілді. Және балаларға жұмбақтар жасырылды.Аяла , Балауса, Тұрлыхан, Сағыныш, Арсен, Айбике, Аянат, Айзере, Арнұр, Аңса, Айтолқын, Әмірхан, Әмина, Медина, тәуелсіздік туралы тақпақ айтты.
Балаларлар Отан туралы білетін мақал-мәтелдерін айтты. Рахан, Саламат, Әмина
Би: «Қазақ батырлары». Топтың ұл балалары қамшымен би билеп берді.
Ару қыздарымыз да қалыспай мың бұралып биледі
Би: «Қазақ аруы»
Шығармашылық ортамен жұмыс:
Балалар топқа бөлініп жұмыс жасады. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылды.
«Бәйтерек»
Балалар үлкен плакатқа Бәйтеректің суретін салып оны умаждалған ұсақ қағаздармен түстерін сәйкестендіріп жапсырды. Жұмыс жасау барысында балалар тіл ұстарту жаттығуын айтты.
«Әдемі ғимараттар»Балалар қима суреттерді құрастырып, қандай ғимарат екенін айтты.
«Бәйтерек»
Балалар құм терапиясы әдісі арқылы құм бетіне Бәйтеректің бейнесін салды.
«Оюды құрастыр»
Балалар қазақтың ұлттық оюын құрастырып берді.
Хор: «Жас дәуреннің түлегіміз » Барлық балалар бірге орындады.




