«1 қыркүйек -Білім күні» «Балабақша- жайлы мекен» Мектепалды "Құлпынай" тобы
Күні: 2.09.2024 ж
Тақырыбы: «1 қыркүйек -Білім күні» «Балабақша- жайлы мекен»
Мақсаты: Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Мектепалды «Құлпынай» тобында тілдер апталығы өткізілді. Балаларға мемлекеттік тіліміз туралы мағұлматтар берілді,мемлекеттік Әнұран айтылды жәнежұмбақтар,мақал –мәтелдер айтты.
Ерсайын Әди,Қыдырқұлова Айша,Бағдат Дарын,Нұрлан Анель,Алпыспай Асылым,Гафаров Айдын,Гафаров Амиль,Марат Аяла тақпақтарын айтты.Балалармен ән шырқалып ойындар ойнатылды. Ойын:«Ғажайып қоржын»Балалар белсене қатысты,және көңілдерінен шықты.