26
желтоқсан
2025
«Ғажайып Жаңа жыл!» ертеңгілік "Еркетай" кіші жас тобы
2025 жылдың 26желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Ғажайып Жаңа жыл!» тақырыбында «Еркетай » кіші жастобында ертеңгілік ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, ұжымдық ортада еркін өнер көрсетуге тәрбиелеу.Жаңа жыл – балалар үшін ең қуанышты, сиқырға толы мерекелердің бірі. Бұл мереке қарсаңында балабақшада тәрбиешілер мен балалар Жаңа жылға дайындалып, шырша безендіріліп, ән-күй, би, тақпақтар айтылды.


Балалар Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтті, түрлі кейіпкерлердің киімін киіп, ертеңгілікке қатысты. Мерекелік іс-шара баланың шығармашылығын, белсенділігін арттырып, жақсы көңіл күй сыйлады. Ата-аналар да мерекеге қатысып, балаларының өнерін тамашалады.


«Шыршаны безендір» ойыны ойнатылып балалар белсене қатысты.Ұлдар «Аяз» ата биін билесе,қыздар «Шырша» биін билеп мерекелік іс шараны сезіне білді.

https://www.instagram.com/reel/DSxZi78DGy2/?igsh=cDh3bjl5Y2QybHJk