«Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» шебер-сынып
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» тақырыбында педагогтер арасында өткізілген шебер-сынып туралы АНЫҚТАМА
Сарымолдаев ауылы 17 қаңтар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтар күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған шебер-сынып ұйымдастырылып, өткізілді.
Шебер-сыныптың мақсаты:
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру, оларды табиғатқа, ауыл шаруашылығы өнімдеріне және жануарларға жауапкершілікпен қарауға үйрету.
- Жобаның негізі балаларға тауықтардың өмірі мен табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру болып табылады.
- Сонымен қатар, балаларды экологиялық таза өнімдермен таныстырып, ауыл шаруашылығында экологиялық әдістерді қолдануға назар аудару.
- Ойындар мен жаттығулар:Экалогиялық сюжеттік рөлді ойындар,ертегі құрастыру,әңгімелесу.
- 4. Дискуссия және пікірталас:
- Қоршаған ортаны қорғау: Балаларға қарапайым сұрақтар қойып, олардың жауаптары арқылы табиғатқа және құстарға қамқорлық жасау туралы пікір алмасу.
Қатысқаны: 12
Шебер-сынып барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Н.О Муканова «Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары» тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда: экалогиялық тәрбие беру жолдары ойындарының түрлері мен әдістері туралы, сондай-ақ қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Практикалық бөлімінде сюжеттік рөлдік ойыны ойнатылды.




Шебер-сыныптың қорытынды бөлімінде мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары тақырыбы аясында талқыланды.

«Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары » тақырыбы аясында пікір-алмасты, ұсыныстар беріліп, сұрақ-жауаптармен алмасты

Нәтижесінде: шебер-сыныпқа қатысқан педагогтер «Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары » жобасында білімдерін жинақтады.