«Тұз – өмірдің дәмі» цифрлық зертхана түрінде ашық ұйымдастырылған іс-әрекет "Бүлдірген" тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тұз – өмірдің дәмі» цифрлық зертхана түрінде ашық ұйымдастырылған іс-әрекет "Бүлдірген" тобы
12
қараша
2025

«Тұз – өмірдің дәмі» цифрлық зертхана түрінде ашық ұйымдастырылған іс-әрекет "Бүлдірген" тобы

Қарашаның 12-ші жұлдызы күні  мектепке дейінгі ересек жас «Бүлдірген» тобында «Тұз – өмірдің дәмі» цифрлық зертхана түрінде ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты:Балалардың тұз туралы түсінігін кеңейту, оның адам өміріндегі, табиғаттағы және тағамдағы маңызын ұғындыру. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу және тәжірибе жасау арқылы баланың қызығушылығын арттыру.Экологиялық сана мен қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру. 
Міндеті:Балаларға цифрлық құралдар арқылы тұздың қасиеті мен тұрмыстағы пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Балаларға виртуалды көзілдірік арқылы тұз үңгіріне 360градус саяхат жасалды,балалар табиғи тұздың орналасуы мен әсемдігін тамашалады.Саяхаттан кейін интерактивті панельде тұздың қайдан және қалай алынатыны жайлы бейнежазба көрсетілді.

Одан кейін планшет арқылы «Тұз үңгірінің 3Dөлшемде» Tripo ai платформасы арқылы көрсетілді. Балалар үңгірді  айналдырып көріп, тұз қабырғаларын құрылымын зерттеді.Балалар  «Тұзды табайық!»  дидактикалық Powerpoint бағдарламасы арқылы ойын ойнады.Тәжірибе алаңында келесі  3 түрлі тәжірибе жасалды. «Тұз суда ериді ме», «Қалқымалы жұмыртқа», «Тұздың дәмін ажырату»Балалар тұз тек дәмдеуіш қана емес,тағы бір қызықты қасиетті білу үшін Әжеге қонаққа барды.  Әжелер мектебінің қатысуымен балалар тұз туралы нақыл сөздер айтып, тұзды үнемді қолдануды білді.Тұздың емдік қасиетін денсаулыққа тигізер пайдасы арқылы гималай тұзынан жасалған тұзды шаммен «Терең тыныс – таза тыныс» жаттығуын жасады.

Wordwall платформасы арқылы интерактивті викториналық сұрақтарға жауап берді. 

Wordwall - бұл оқытуды қызықты әрі белсенді етуге көмектесетін дидактикалық ойындар жасау платформасы. Балалардың білімін тексеру, бекіту және қайталау процесін ойын түрінде ұйымдастыру.Интербелсенді панельмен және боялған тұз арқылы шығармашылық«Есте сақта да тұзбен бейнеле» ойыны арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты.Қорытынды бөлімде диапроектор арқылы боялған тұздың көмегімен тұз туралы алған білімдерін бекітті.Нәтижесінде: балалар тұздың адам өмірінде, табиғаттағы және тағамдағы маңызын түсінді.тұздың қасиетін білді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив