«Инклюзия-әр балаға тең мүмкіндік» аудандық коуч-семинардың » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Инклюзия-әр балаға тең мүмкіндік» аудандық коуч-семинардың
08
қаңтар
2026

«Инклюзия-әр балаға тең мүмкіндік» аудандық коуч-семинардың

2026жыл  қаңтардың 08 күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорнының  құзыреттілік орталығының  жоспарына  сәйкес «Инклюзия-әр балағатең мүмкіндік»тақырыбында  өсу  нүктелері  болып  бекітілген балабақшалардың  педагогтеріне  арналған аудандықкоуч-семинарұйымдастырылып, өткізілді. 

Семинардың мақсаты:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, тең білім алуына жағдай жасау жолдарын педагогтерге көрсету

Қатысқаны: 22тәрбиеші.

Семинар  барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасыныңТәрбиешісі: Е.К. Науханова«Инклюзия-әр балағатең мүмкіндік»тақырыбында  презентациясын  таныстырды.Презентацияда әр баланың қабілеті мен ерекшелігіне қарамастан, білім алуға тең құқығы бар екені көрсетілді. Инклюзивті орта қалыптастыру, педагог пен ата-ананың рөлі және әр балаға қолдау көрсету жолдары таныстырылды.


Сонымен қатар педагог-психолог Д.А.Дарибаева “Интеллект. Эмоциялар. Қозғалыс. Мектеп жасына дейінгібалаларды дамытуға арналған ойын жаттығулары” тақырыбында презентациясын таныстырды. Презентацияда мектеп жасына дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамытуға арналған ойын жаттығулары таныстырылды. Интеллектуалдық даму, эмоцияны тану мен реттеу, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдіс-тәсілдер, сондай-ақ баланың жеке мүмкіндіктерін ескеріп жұмыс жүргізу жолдары көрсетілді.



Сонымен қатар тәрбиешіКонысбаева Аяна Ерлановна

“Ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзету жұмыстарында нейро жаттығуларын қолдана отырып, сөйлеу дағдыларын дамыту”тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда:қимыл-қозғалыс арқылы мидың жұмысын белсендіру. Арнайы физикалық жаттығулар ми жартышарлары арасында жаңа байланыстар орнатып, баланың сөйлеу орталықтарының іске қосылуына тікелей әсер ететіндігі мен әдіс әсілдер мен бөлісті.



Сонымен қатар тәрбиеші Іргебаева Перизат  Болатханқызы«Ерекше білім беру қажеттігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзету жұмыстарында фразалық конструкторды қолдана отырып сөйлеу дағдыларын дамыту»тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда: суретті схемалар арқылы сөйлем құраужолдарымен бөлісті. Ол сөйлеудің көрнекі қаңқасын қалыптастыратындығын атап өтті.


Сонымен қатар тәрбиешіТыныштықбаева Қарлығаш Сабырбекқызы

«Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға дамытушы «Ботақан», «Дельфа»тренажорларын  қолдану”тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда: тренажерлар — баланың сөйлеу, есту және зейін қабілеттерін ойын түрінде дамытатын заманауи техникалық құралдарымен таныстырды. Олар дыбыстарды дұрыс айтуды визуализация арқылы (экрандағы бейнемен) түзетіп, баланың мотивациясын арттыратындығымен бөлісті.



Сонымен қатар тәрбиешіИсираилова Гулжамал ТешебаевнаРефлексия. Qwik реттеу: «Ой эксперименттері»яғни, семинар  барысында алған білімдерін қаншалықты үсінгендігі туралы кері байланыс алды.  


Қорытындысында:семинарға қатысқан педагогтер 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, тең білім алуына жағдай жасау жолдарын көріп, танысты.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив