«Табысты оқытудың құпиялары: логикалық ойлауды дамыту»
«Табысты оқытудың құпиялары: логикалық ойлауды дамыту»
Әдіскер: Ж.Ш.Раймкулова
Баланың ойлау қабілетін жетілдіру үшін мына әдістерді қолдануға болады:
1. Сұрақ қою дағдысын дамыту
"Неге?", "Қалай?", "Егер осылай болса, не болады?" деген сұрақтар қойып, баланы ойландыру.
Оқылған мәтін немесе көрген бейнежазба бойынша талдау жасау.
2. Логикалық тапсырмалар мен ойындар
Жұмбақтар, ребустар, шахмат, басқатырғыштар, логикалық есептер ұсыну.
«Себеп-салдар» байланысын анықтайтын ойындар ойнау.
3. Шешім қабылдауға үйрету
Бір мәселенің бірнеше шешімін табуға баулу.
"Қалай ойлайсың, бұл жағдайды басқаша қалай шешуге болады?" деп сұрақ қою.
4. Әңгімелеу және шығармашылық тапсырмалар
Оқиғаның жалғасын ойлап табу, ертегілерді өзгертіп айту.
Белгілі бір суретке қарап, оған байланысты оқиға құрастыру.
5. Математикалық ойлауды жетілдіру
Күнделікті өмірде есептеулер жүргізу (дүкенде есептеу, уақытты жоспарлау).
Геометриялық пішіндермен ойындар ұйымдастыру.
6. Қорытынды жасауға үйрету
Бір құбылысты бақылап, оның себебі мен салдарын анықтау.
Кітап немесе мультфильмнен кейін "Басты ойы қандай?", "Не үйрендің?" деген сұрақтар қою.
Логикалық ойлау – табысты оқудың негізі. Ол баланың шешім қабылдау қабілетін дамытып, білімді терең меңгеруге көмектеседі!