«Стресс жағдайында ата-ананың өзін-өзі ұстауы»
Педагог-психолог: Д.А.Дарибаева
Мақсаты:
Ата-аналарға стресс жағдайында өз эмоцияларын басқару жолдарын көрсету.
Балаларға кері әсерін болдырмауға көмектесу.
Отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды сақтауға бағыт беру.
1. Стресстің балаға әсері:
Бала ата-ананың мінез-құлқын айна сияқты қайталайды.
Үнемі ашулы, сабырсыз ата-ана балада қорқыныш, мазасыздық тудырады.
Баланың эмоционалдық дамуына, мінез-құлқына кері ықпал етеді.
2. Ата-ананың өзін-өзі ұстау тәсілдері:
Тыныс алу жаттығулары: терең тыныс алып, баяу шығару жүйкені тыныштандырады.
Үзіліс жасау: қатты ашуланғанда бірден жауап бермей, аз уақыт тынығып алу.
Ойды бөлу: жағымды әуен тыңдау, серуендеу, спортпен айналысу.
Позитив ойлау: «Менің қолымнан келеді», «Бұл жағдай уақытша» деген сенімді сөздерді қолдану.
Әңгімелесу: жақын адаммен бөлісу арқылы ішкі қысымды азайту.
3. Баланың көзінше ата-ананың өзін ұстауы:
Ашуды балаға көрсетпей, сабырлы үнмен сөйлесу.
«Сен үшін емес, өзімді тыныштандыру үшін аздап тынығып алайын» деп түсіндіру.
Баланы кінәламай, мәселені шешуге көңіл бөлу.
4. Стрестің алдын алу жолдары:
Дұрыс күн тәртібін сақтау, жеткілікті ұйықтау.
Жақсы тамақтану, таза ауада серуендеу.
Күнделікті кішкентай қуаныштарға мән беру (баламен ойнау, бірге кітап оқу).
Жақындармен жылы қарым-қатынас орнату.
Қорытынды:
Стресс – әрбір адамның өмірінде кездесетін қалыпты құбылыс. Бірақ ата-ананың өзін-өзі дұрыс ұстауы – баланың психологиялық тұрақтылығы мен отбасындағы тыныштықтың кепілі. Сабырлы ата-ана – бақытты бала.