«Үй жағдайында гимнастикалық құралдарды қолдану»
Дене тәрбие маманы: Дәулетияров М
Мақсаты:Ата-аналарды үй жағдайында қолжетімді гимнастикалық құралдарды пайдалану арқылы баланың дене дамуын, қозғалыс белсенділігін арттыру жолдарымен таныстыру.
Құрметті ата-аналар!Бала денсаулығының мықты болуы – оның белсенді қимылдауына тікелей байланысты.Күн сайын аз уақыт болса да қимыл-қозғалыс жаттығулары мен жеңіл гимнастика жасау – денсаулықты сақтаудың, бұлшық етті нығайтудың және дұрыс қалпының қалыптасуының басты шарты.Гимнастикалық жаттығулар тек балабақшада ғана емес, үй жағдайында да оңай ұйымдастырылуы мүмкін. Ең бастысы – қауіпсіздік пен жүйелілік.
Үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым гимнастикалық құралдар:Құрал Қолдану мақсаты Мысал жаттығуларДоп Қол, аяқ, арқа бұлшықеттерін дамыту Допты лақтыру, қағып алу, аяқ арасымен домалатуАрқан (секіртпе) Шапшаңдық, төзімділік, жүрек-қан тамыр жүйесін жетілдіру Арқанмен секіру, ырғақпен қозғалуТаяқша Дененің икемділігін арттыру, қалыпты түзету Алға, артқа, жоғары көтеріп, еңкею жаттығуларыКілемше немесе төсеніш Созылу, тепе-теңдік жаттығулары Йога элементтері, қолды, аяқты созу жаттығуларыПластикалық бөтелке, жіп, кубик Қарапайым кедергілер жасау Тепе-теңдік жаттығулары, жүру жолақтары жасауГимнастиканың бала денсаулығына пайдасы:1. Бұлшық еттерді нығайтады;2. Омыртқаның дұрыс қалыптасуына әсер етеді;3. Жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады;4. Көңіл-күй мен тәбетті арттырады;5. Зейін мен өзін-өзі бақылауды дамытады.Ата-аналарға кеңес:Күн сайын 5–10 минуттық таңертеңгі жаттығу өткізуге дағдыландырыңыз;Жаттығуларды ойын түрінде ұйымдастырыңыз (мысалы: «Кім биік секіреді?», «Тепе-теңдікті сақта!»);Баланың жасына сай жаттығуларды таңдаңыз, күш түсірмеңіз;Жаттығу кезінде қуанышты көңіл күй қалыптастырыңыз;Балаға үлгі болыңыз – бірге жаттығу жасаңыз!Қауіпсіздік ережесін ұмытпаңыз:Жаттығу алдында бөлме кең, таза және тайғақ емес болсын;Артық заттарды алып тастаңыз;Баланың қозғалысын бақылап отырыңыз;Қажет болса, демалыс аралығын сақтаңыз.