30
мамыр
2024
1 Маусым Балаларды қорғау күні
Тақырыбы:"Алақай, жаз келді!"
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Балаларды таңертеңгі қабылдау ерекше өткізу. Тәрбиешілер керемет ертегі, мультфиль кейіпкерлері болып киініп, көңілді әуенмен балаларды қарсы алу. Қабылдауды таза ауады ұйымдастыру. Балалармен би билеу. Таңғы астан соң балаларды концерттік бағдарламаға түсіру.
Ән «Қошақаным» барлық топтар.
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобының ару қыздары «Гүлдер» биі.Мектепке дейінгі ересек жас "Жауқазын" тобы «Алтын балық» биін билеп өнерлерін көрсетті.
Балалар сонымен қатар қызықты ойындар ойнады.
«Кім жылдам?» эстафетасы. Балаларға доппен жарысты ойындар ойнату. Екі топқа бөлу.«Бояу шеберлері» Асфальтта түрлі-түсті борлармен суреттер салу.
«Тәтті сыйлықтар» Балаларға мерекеге орай балмұздақтар таратып беру.



