«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мақал-сөздің азығы» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.
Мектепке дейінгі орта «Жұлдыз» тобы
Тақырыбы: «Мақал-сөздің азығы» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Балаларға дәстүрге байланысты ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту. Қазақ халқының оюларымен таныстыру. Ұлттық ойын «Асық ату» ойынын ойнату.
Көрнекі құралдар: Сандықтың тапсырмалары, оюлар, үлкен көлемдегі асықтар. Топтағы кітап бұрышы. Қара жорға биі, «Жеті қазына» әні.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, тапсырмалар орындау, түсіндіру, мнемокесте.
Барысы: Ақпан айының 7-ші жұлдызы күні «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасың мектепке дейінгі ортаңғы жас «Жұлдыз» тобы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мақал-сөздің азығы» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Балаларды педагог кітап бұрышында ертегі кітаптармен танысты. Осы сәтте Шыңғыс есімді бала сандық тауып алды. Балаларға педагог сандықтың ішіндегі хатты оқып берді. Сандықтың тапсырмаларын балалар орындады.Сиқырлы сандықтың 1-тапсырмасы Ақын Ө. Тұрманжановтың нан туралы өлең жолдарын мнемокесте арқылы өлең жолдарын айтты.Сиқырлы сандықтың 2-тапсырмасы суреттер арқылы мақал-мәтел, жаңылтпаш айтты.Сиқырылы сандықтың 3-тапсырмасы ұлдар «Асық ату»ойынын ойнады. Қыздар «Текемет құрастыру» дидактикалық ойынын ойнады.Сиқырлы сандықтың 4-тапсырмасы қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін нақызына келтіре ұлдармен қыздар биледі.Сиқырлы сандықтың 5-тапсырмасы «Жұмбақ шешу» (сурет арқылы). Балалар тақтадағы суретке қарап жұмбақтарды шешті.Сиқыры сандықтың 6- тапсырмасы ән орындау. Ән: «Жеті қазына» әнді Талғат Айсұлтан есімді бала орындады.
Сиқырлы сандықтың 7-тапсырмасы дидактикалық ойын «Түстерін тап» ойынын ойнады. Сиқырлы сандық балалардың тапқырлығына риза болып тәрбиеленушілерге ертегі кітаптар таратты.




