«Қош бол,балабақшам!» ертеңгілігі.
«Түймедақ» мектепалды тобында 2024 оқу жылына арналған «Қош бол,балабақшам!» атты ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Мерекені сезіндіру.Балалардың мектепке, білімге деген қызығушулықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын талабын жетілдіру.Адамгершілікке, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке, әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Бүлдіршіндер әсем безендірілген залға қол ұстасып қуанышпен шықты. Қоштасу вальсі биін билеп, «Біз мектепке барамыз» әнін орындады. Балалар балабақша туралы тақпақ және балабақша қызметкерлеріне арнап жылы тілектерін білдірді. Кітап,әліппе,білімханшайымы,Жалқаубек кейіпкерлері келіп балалармен ойын ойнап, сәт сапар тіледі. Көтеріңкі көңіл-күймен ән айтып,би биледі. Атап айтатын болсақ: Тәрбиеші, Бала мен бақша әндерін нақышына келтіріп орындап берді. Бүлдіршіндер арасынан ұйымдастырылған сазды оркестрмен «Беу,құрбым ай» әнін тамаша орындады. Биші қыздарымыз, «Шашу» «Текемет» «Шығыс биі» «Заманауи» билерін мың бұрала биледі. Ұлдарымыз Кітап кейіпкеріне кітап биін биледі.Ертеңгілік соңында бөбекжай меңгерушісі Сандуғаш Нұрмергенқызы бүлдіршіндерге сәт сапар тілеп, мақтау грамотасымен марапаттады. Тобымыздың ата-аналарыда балабақша ұжымдарына рахметтерін айтып,балаларға ақ жол,сәт сапар тіледі.Балалар қуанышты,көтеріңкі көңіл-күймен, арман –тілектерін айтып, далаға шар ұшырды.


