26
желтоқсан
2025
«Музыка және көркем әдебиет арқылы тіл дамыту» тақырыбында педагогтер арасында өткізілген шебер-сынып
2025 жылдың 26 желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жоспарына сәйкес «Музыка және көркем әдебиет арқылы тіл дамыту» тақырыбында тәрбиеші Қ.С.Тыныштықбаева балабақша педагогтеріне арналған шебер-сынып ұйымдастырып, өткізді.
Шебер-сыныптың мақсаты: Педагогтерге музыка мен көркем әдебиетті бірлестіріп қолдану арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістерін тәжірибелік түрде ұсыну.Жұмыс мазмұны: Музыка мен көркем әдебиетті кіріктіре отырып, мектепке дейінгі балалардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Шебер-сынып барысында педагогтерге кіріктірілген білім беру салалары туралы қысқаша түсінік беріліп, музыка мен көркем әдебиеттің бала дамуына ықпалы жайында слайд көрсетілді.

Тәжірибелік бөлімде «Суретке қарап әңгіме құра» (музыкалық сүйемелдеумен) , кейіпкерлердің сөзін ән арқылы жеткізу (мысалы, ертегі кейіпкері әндетіп сөйлеуі) Бауырсақ ертегісі, Жеті лақ, Алдар көсе, т,б. «Сиқырлы әуен» ойыны (музыка естілісімен кейіпкерді танып, сипаттау), музыкалық драмаландыру (өлең мазмұнына сай сахналау) жүргізілді.

Нәтижесінде: Педагогтер музыка мен әдебиет құралдарын кіріктіре қолдану арқылы балалардың тілін дамытуға арналған тиімді әдістерді меңгерді;
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда шығармашылық тәсілдер қолдану тәжірибесі артты.