«Әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру» шебер-сынып
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында педагогтер арасында өткізілген шебер-сынып туралы АНЫҚТАМА
Сарымолдаев ауылы 24 қаңтар 2025 жыл
2025 жылдың 24 қаңтар күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған шебер-сынып ұйымдастырылып, өткізілді.
Шебер-сыныптың мақсаты:
Балабақша педагогтерінің әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту арқылы олардың кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру, ұжыммен, балалармен және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу қабілеттерін нығайту.
Қатысқаны: 12 педагог
Шебер-сынып барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының әдіскері Ж.Ш.Раймкулова «Әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбындағы теория бөлімімен таныстырды. Онда: әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру ойындарының түрлері мен әдістері туралы, сондай-ақ қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Практикалық бөлімініде «Қиын жағдайдан шығу жолдары» жаттығуы, «Менің шешімім» рөлдік ойыны, «Көпір құру» ойыны өткізілді.








Шебер-сыныптың қорытынды «3 сөзбен сипатта» кері байланыс алынды. әлеуметтік және эмоционалды құзыреттілікті қалыптастыру жолдары талқыланды, жеке көзқарас пікір-алмасты, өзара ұсыныстар беріліп, сұрақ-жауаптармен алмасты.

Нәтижесінде: шебер-сыныпқа қатысқан педагогтер өз қоржынына білімдерін жинақтады, тиімді жолдарын меңгердіқызықты әдістерін қолдануды үйренді.