«Ашық есік күні»
2025 28 қараша күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мектепке дейінгі ересек жас «Жауқазын» тобында қараша айында «Ашық есік күні» өткізілді.
Мақсаты:
Ата-аналарды балабақшаның үдерісімен таныстыруды жалғастыру.
Балалардың күн тәртібі, ұйымдастырылған іс-әрекеттері туралы ақпарат беру.
Педагогтар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Баланың дамуы мен жетістіктерін көрсету.
Ата-аналардың сенімін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету.
Қатысқаны:Ата аналар мен М.Әуезов атындағы ЖОББМЛ мектепалды сыныптарының педагогтері.
Құрметті ата-аналар және қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Ашық есік күніне» қош келдіңіздер! Бұл шараның басты мақсаты – ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, балаларымыздың күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстыру.Біздің есігіміз сіздерге әрдайым ашық. Біз ашықтық пен сенімділік қағидатын ұстанамыз. Балалардың жетістігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.


Балабақша жұмысымен таныстырылды. Ұйымдастырылған -тәрбие процесі көрсетілді. Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы байланысты нығайту. Баланың балабақшадағы жетістіктерін көрсетілді. Балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Музыкалық және спорттық шаралар. Психолог, әдіскер, медбикемен кездесу болды. Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Нәтижесінде:
1.Ата-аналар балабақша жұмысының мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы толық ақпарат алды.
2.Балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттері көрініс тапты.
3.Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы байланыс күшейді.
4.Ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кері байланыс орнатылды.
5.Балалардың өз-өзіне деген сенімі артып, белсенділігі жоғарылады.