«Тұз өмірдің -дәмі» Ашық есік күні » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тұз өмірдің -дәмі» Ашық есік күні
30
қаңтар
2026

«Тұз өмірдің -дәмі» Ашық есік күні

2026 жылдың 30 қаңтар күні мектепке дейінгі ересек жас «Бүлдірген» тобында «Тұз өмірдің - дәмі» атты тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Мақсаты:Балалардың тұз туралы түсінігін кеңейту, оның адам өміріндегі, табиғаттағы және тағамдағы маңызын ұғындыру. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, зерттеу және тәжірибе жасау арқылы баланың қызығушылығын арттыру.Экологиялық сана мен қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қатысқандар: Ата-аналар мен М. Әуезов атындағы ЖОББМЛ мектепалды сыныптарының педагогтері

Ашық есік күні ата-аналарға балабақшадағы тәрбие мен оқыту процесін көруге,балалардың шығармашылық, ойын дағдыларымен танысуға мүмкіндік берді.Балаларды қазақ халқының  мәдени мұрасы домбыра күй күмбірі арқылы жылы қарсы алып, ата-аналарымен амандасып.Бүгінгі күнді көтеріңкі көңіл күймен бастадық.

Таңғы жаттығу барысын: Дене тәрбиесі нұсқаушысы-Даулетияров Мейрамбай таңғы жаттығуды ұйымдастырды.


Таңғы ас – күннің ең маңызды асы. Таңертенгі ас балаға күш-қуат береді, көңіл – күйін көтереді, ойлау қабілетін арттырады.

Іс-әрекет барысында балаларға виртуалды көзілдірік арқылы тұз үңгіріне 360градус саяхат жасалды,балалар табиғи тұздың орналасуы мен әсемдігін тамашалады. Саяхаттан кейін интерактивті панельде тұздың қайдан және қалай алынатыны жайлы бейнежазба көрсетілді.

Тәжірибе алаңында келесі  3 түрлі тәжірибе жасалды. «Тұз суда ериді ме», «Қалқымалы жұмыртқа», «Тұздың дәмін ажырату» 

Тұздың емдік қасиетін денсаулыққа тигізер пайдасы арқылы гималай тұзынан жасалған тұзды шаммен «Терең тыныс – таза тыныс» жаттығуын 

Wordwall платформасы арқылы интерактивті викториналық сұрақтарға жауап берді.

Интербелсенді панельмен және боялған тұз арқылы шығармашылық«Есте сақта да тұзбен бейнеле» ойыны арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты

Қорытынды бөлімде боялған тұздың көмегімен тұз туралы алған білімдерін бекітті.

Нәтижесінде: балалар тұздың адам өмірінде, табиғаттағы және тағамдағы маңызын түсінді.тұздың қасиетін білді.
https://www.instagram.com/reel/DUbkYfvjD4k/?igsh=MW5rczM0Z3htNGVvbA== 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив