Ата-ана мен бөбекжай бақшасы арасындағы ынтымақтастығын арттыру.Балалардың бөбекжай-бақшасындағы бір күндік өмірімен таныстыру. » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-ана мен бөбекжай бақшасы арасындағы ынтымақтастығын арттыру.Балалардың бөбекжай-бақшасындағы бір күндік өмірімен таныстыру.
26
қыркүйек
2025

Ата-ана мен бөбекжай бақшасы арасындағы ынтымақтастығын арттыру.Балалардың бөбекжай-бақшасындағы бір күндік өмірімен таныстыру.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2025 жылдың 26 қыркүйек  күні мектепалды «Жұлдыз» тобында ашық есік күні ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМЛ мектепалды сынып мұғалімдері, А.Асқаров атындағы көпсалалы Меркі колледжінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» факультетінің студенттері, ата аналар қатысып,тәрбиеленушілердің күн тәртібіне сай ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.

Мақсаты:Ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, топтағы оқу-тәрбие жұмысының барысын көрсету, балалардың дамуын бірлесе қолдау.
Іс-шара барысы:  
Ашық есік күні барысында ата-аналар:  
- Топтың күн тәртібімен танысты;  

- Ашық ұйымдастырылған іс әрекетке қатысты;  
- Балалардың сөйлеу, ойлау, қимыл-қозғалыс, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін бақылап көрді;  
- Педагогикалық процестегі әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялармен танысты;  
Ашық есік күніне ата-аналар мен педагогтарды сәлемдесу бұрышы арқылы қарсы алу.
Шыңғыс: Мектепалды «Жұлдыз»  тобының ашық есік күніне қош келіпсіздер! Ең алдымен сәлемдесіп алайық
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған апайлармен аналар!
Тамашалап көріңіздер «Жұлдыз» тобының ашық есік күнін.
Қазақ халқының аспаптарымен оркестр ойнап өз өнерлерін көрсетті.
Балалар мен ата-аналар бірігіп түрлі рөлдерге еніп, ойын жағдайында қарым-қатынас, тіл табысу, эмоция білдіру, ынтымақтастық, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  

Таныстырылған бұрыштар:


1. Робототехника бұрышы  
– LEGO конструкторлар, қарапайым робот үлгілері  
– Балалардың техникалық, логикалық ойлауын дамыту жолдары көрсетілді.
2. Мұражай бұрышы  
– Ұлттық қолөнер бұйымдары, ескі тұрмыстық заттар, макеттер  
– Тарихи-мәдени танымды кеңейту мақсаты түсіндірілді.
3. Құрылысшы бұрышы  
– Түрлі құрылыс бөлшектері (пластик, ағаш, магниттік конструкторлар)  
– Кеңістікті бағдарлау, шығармашылық ойлау, ұсақ моториканы дамыту.
4. Бағдаршам (Жол қауіпсіздігі) бұрышы  
– Бағдаршам, жол белгілері макеттері, ойын элементтері  
– Балалардың жолда жүру ережесін меңгеруі және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Нәтижесінде: Ата-аналар бұрыштардың маңыздылығын түсініп, баланың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстарға оң пікір білдірді.
- Ашық ұйымдастырылған іс әрекетке қатысты;  
- Балалардың сөйлеу, ойлау, қимыл-қозғалыс, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін бақылап көрді;  
- Педагогикалық процестегі әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялармен танысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны  орындалды.    
Тәрбиеленішілер (Ботақан) планшетін алып «Менің Қазақстаным» атты бөлімімен танысты.
Нәтижесінде:Балалар туған ел, рәміздер туралы білімдерін кеңейтті. Отанға деген құрмет, патриоттық сезім қалыптасты.
Ғажайып сәт: Портфель келуі.
Портфельдің қызықты тапсырмаларын балалар қуана орындады.Портфельге көмек бермес бұрын топқа бөлініп алды.

Топқа бөлу әдісі: «Word wall» ұяшықты таңдау.

3d қаламы арқылы қошқар мүйіз оюын салып және кинетикалық құм арқылы қошқар мүйіз оюын бастырды.

«Кім жылдам?»ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: Қоңырау батырмасын басу арқылы сұрақтарға дұрыс жауап берген топқа1 ұпайдан берілді.

«Адалдық алаңы: Жақсы мен жаманды ажыратамыз»  

Мақсаты:Балалардың бойында адалдық, шыншылдық, мейірімділік секілді адами құндылықтарды қалыптастыру. Жақсы мен жаман әрекетті ажыратуды үйрету.

Нәтижесінде: Балалар жақсы мен жаман әрекетті ажырата білді. Адалдық, шыншылдық, қамқорлық туралы түсініктері кеңейді.
Дидактикалық ойын: «Мен президент болсам» 
Мақсаты:Балалардың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін, сөйлеу дағдысын, ой қорыту қабілетін дамыту.
Әр бала өз ойымен бөлісті. 
– Мектеп салар едім. 
– Ағаштар отырғызар едім.
Күтілетін нәтиже: Балалар өз ойын еркін жеткізе алады, Отанға деген мақтаныш сезімі оянады, көшбасшылық қасиеттері дамиды.
Тобымыздың сұлу қыздары «Біз бақытты баламыз» әнін орындау.
Қортынды: Ата-аналар балаларының күнделікті тәрбие-білім процесіне қызығушылық танытып, педагогтармен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив