12
сәуір
2024
«Ғарыштың ғажайыптары!»
Күні:12.04.2024ж
Тақырыбы: «Ғарыштың ғажайыптары!»
Мақсаты: Балалар ғарыш әлемі жайлы түсінік алады. Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мүсабаев, Айдын Айымбетовтарды суреттен тани алады. Буклет бойынша әңгімелей отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады. Ойлау, есте сақтау қабілеттері, шығармашылық қиялдары дамиды.
Бүлдіншіндеріміз ғарышкерлер күніне арналған тақпақтарын, хормен «Мен ғарышкер боламын» әнді де айтты. Шығармашылық орталық:
Ойын: «Ғарыштың ғажайыптары!»Балалар жеке –жеке берілген тапсырмаларды орындап, құрастырып шығады.

