Ересек жас «Бәйтерек »тобы. «Мақтанышым, Атам мен әжем!»
Тобы: Ересек жас «Бәйтерек »тобы
Тақырыбы: «Мақтанышым, Атам мен әжем!»
Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға, халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпым, сақтай білуге тәрбиелеу.
Барысы: қазан айынын 1 жұлдызында ересек жас «Бәйтерек» тобында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыптық іс-әрекет өткізілді. Іс-әрекет барысында топқа қонаққа ата мен әже келді.
Балалар ата мен әжеге тақпақтарын арнады. Әже жүнді сабауды және шаш өріуді қыздарға үйретті. Қыздар қызығушылықпен орындады.Ата ұл балаларға қамшы мен асық ойынын ала келді. Балалар өте белсенді ойнады. Шығармашылық ортада балалар ата мен әжеге арналған «Атанын тұмағы», «Әженін шашы». Атанын тұмағын түрлі-түсті қаламмен бояды, ермексазбен жабыстырды. Әженін шашын түрлі түсті қағаздан кесу арқылы жапсырды.Іс-әрекет соңында ата балаларға батасын берді. Алғыстарын білдірді.