«Мақтанышым, Атам мен Әжем!»
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының «Түймедақ» ересек жас тобында 01.10.2024 жылы
«Мақтанышым, Атам мен Әжем!» Қарттар күніне арналған тақырыптық іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Балалар музыка әуенімен топқа көңілді кірді. Бүгінгі мерекеге қонаққа Дариябай Дарханның әжесі қонаққа келді. Балалар әжеге арнап тақпақтарын айтып берді. Балалар әжемен бірге «Асық» «Кілемшені құрастыр» «Ұлттық киімдер» Ұлттық тағамдар» дидактикалық ойындарын ойнады.Балалар әжемен кітап бұрышына барып, әженің ертегісін тыңдады. Сонымен қатар әже қыздарға ұлттық бұрышта шашты қалай өру керек екенін көрсетті. Шығармашылық ортада балалар әжеге арналған «Сандықша» мен «Алаша» сыйлады. Сандықшаны түрлі қағаздан оюды кесу арқылы жапсырды. Алашаны түрлі-түсті қарандашпен бояу арқылы салды.Іс-әрекет соңында әже балаларға батасын беріп,рахметін айтты. «Орамал тон болмайды,жол болады»-демекші әжемізге сыйлыққа орамал сыйға тарттық.