«Арайлы Алтын күз» «Бүлдірген» тобы
«Арайлы Алтын күз»
https://www.instagram.com/reel/DB_5FkiMql1/?igsh=MTVjbDJjanMwMXllbg==
Күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар және ойындар арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сарымолдаев ауылы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы, мектепке дейінгі орта жас «Бүлдірген» тобында «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік қараша айының бесінші жұлдызында ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер қолдарына жапырақтар ұстап, әсем әуенмен шықты.

Балалар сахнаға шығып, «Күз келгенде» атты хорын орындады.

Қыздар «Күзгі бал» биін биледі. Мерекеге арналған өлең жолдарын айтты.

Осы сәтте Күз ханшайымы қонаққа келді. Балалармен сәлемдесіп түрлі сұрақтар қойды. Кірпі балалардан көмек сұрап келді. Балалар «Кірпі» биін биледі. Күз туралы тақпақтарын айтты.


Бүлдіршіндер Кірпіге көмектесіп жемістер мен көкөністердің түстерін ажыратып берді. Дидактикалық ойын: «Түстерін ажырат» ойынын ойнады.

Ұлдар «Бұлттар» биін билеп, мерекеге арналған өлең жолдарын айтты. Ертеңгілікті «Күз, күз, күз» хорымен аяқтады.
