«Арайлы Алтын күз!» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қазан
2023

«Арайлы Алтын күз!»

Сарымолдаев ауылы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобында «Арайлы Алтын күз!» атты ертеңгілік  ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз мезгілінің ауа-райы құбылыстарымен танысытыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. 

Барысы: Қараша айының екінші жұлдызы күні мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобына «Арайлы Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілік барысында балалар өз өнерлерін көрсетті. Ертеңгілікті «Алтын күз»  хормен бастады. Әсем қыздарымыз  «Бүлдіргенге барамыз» биін биледі. Қыздарымыз мерекеге арналған тақпақтарымен бөлісті. Осы сәтте «Күз ханшайымы» келді.  Күз ханшайымымен бірге мерекелік кешке Саңырауқұлақ қонақ болды. Балалар Саңырауқұлаққа «Саңырауқұлақ» биін биледі. Кішкентай саңырауқұлақтар көрермендерге тақпақтар айтып берді. Биді тамашалап риза болған балалар «Күх тамаша» атты хорын нақышына келтіре қимылмен орындады. Осы сәтте балалар «Жемістер» биін билеп, тақпақтарын айтып берді.  Балалар көрермендерге «Кірпі» биін билеп, тақпақтарымен бөлісті. Саңырауқұлақ балаларға «Жемістермен көкөністерді  себетке орналыстыр» ойыннын ойнатты. 

Дидактикалық ойын: «Жемістермен көкөністерді  себетке орналыстыр»

Ойынның мақсаты: Көкөністермен жемістерді  ажырата білу.

Ойынның шартты: Жемістермен көкөністерді  себеттерге орналастыру

Дидактикалық ойын: «Дәмін ажырат»

Ойынның мақсаты: Көкөністермен жемістердің дәмін   ажырата білу.

Ойынның шартты: Балалардың көздерін орамалмен байлап өздерін таңдаған жеміспен көкөністердің дәмін ажырата алу. 

Кішкентай сұлу қыздарымыз Күз ханшайымына «Күзгі сән үлгісін» көрсетті. Қыздарымызды Күз ханшайымы марапаттап өтті. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив