«Ұшқыр ой алаңы» жобасы «Зерде» зияткерлік (интелектуалды) ойыны "Жұлдыз" тобы
Тақырыбы: «Ұшқыр ой алаңы» жобасы «Зерде» зияткерлік (интелектуалды) ойыны
Мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттін. қызығушылықтарын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа үйрету, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық.
Барысы: Сарымолдаев ауылы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз» тобында қараша айының жетінші жұлдызында Біртұтас тәрбие бағдарламсын іске асыру барысында «Ұшқыр ой алаңы» жобасын жүзеге асыру бағытында тәрбиеленушілердің тілдік дағдыларын дамыту арқылы құндылықтарды дәріптеу бойынша «Зерде» зияткерлік (интелектуалды) ойыны ұйымдастырылып өтті. Балалар екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындады.
1-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Сурет бойынша сөйлеу құра»
Балалар алдарындағы суретке қарап сөйлем құрады. Тапсырмаға жауап беруге дайын болған топ сылдырмақ арқылы белгі беріп қойылған сұрақтарға жауап берді.
2-тапсырма: «Ертегілер әлемі» балалардың алдына ертегі кейіпкерлері берілді. Балалар ертегілерді естеріне түсіріп саусақ, үстел-үсті ертегілері арқылы сомдап берді.
3-тапсырама. Шығармашылық жұмыс: Топтар өздеріне берілген жұмыстарды белсене орындады. Қошқар мүйіз оюын түрлі-түсті құммен толтырды. Текеметтің бейнесін бастырды.
Қорытынды бөлімінде балаларды мақтап-мадақтаумен аяқталды.




