«Қазақтың мақтаныштары» ертегісі. "Түймедақ" тобы
Тақырыбы: «Қазақтың мақтаныштары» ертегісі.
https://www.instagram.com/reel/DCW_ye4swdy/?igsh=MW5xaDE1MWMzdnRtcg==Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің рөлін сомдауға үйрету. Ертегі мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Театр түрі: Сахналық қойылым.
Барысы: «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы мектепке дейінгі ересек жас «Түймедақ» тобында қараша айының он үшінші жұлдызында Біртұтас тәрбие бағдарламсы негізінде «Шабыт» жобасын іске асыру бағытында тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Балабақша театры» атты театр қойылымдарын ұйымдастыру барысында тәрбиеленушілер «Қазақтың мақтаныштары» ертегісін сахналық қойылым көрсетті. Ертегі арқылы балалар қазақтың ұлттық құндылықтары мен тағамдарымен танысты. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,сыйлай білуге дағдыланды.
