“Ғажайып Жаңа жыл!” "Бүлдірген" тобы
Балаларды қонақжайлылыққа үйрету, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының «Бүлдірген» мектепке дейінгі орта жас тобында «Ғажайып Жаңа жыл» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілікке топ бүлдіршіндері мерекелік костюмдерін киіп, керемет көңіл-күймен залға кіріп отырды. Серік Аделина, Амир Айкөрке және Тажик Аягөз «Шырша» әнін орындады.

Мерекелік іс-шараға Аяз ата, Ақшақар және ескі жыл Айдаһар келді.

«Кішкентай шыршалар» биін биледі және жаңа жылдық тақпақтарын айтты.

Айдаһар балалармен қоштасып, Жаңа жыл- жылан келді.

«Шығыс биі» билеп, тақпақтарын айтты.

Балаларға арналған дидактикалық «Сыңарын тап» ойыны ойналды.

Топтың ұл балалары «Кішкентай сайқымазақтар» биін билеп, өлең шумақтарын айтты.

Қатысушы балалар кейіпкерлермен бірге шеңберге тұрып, «Шыршаға бардық» әнін хормен орындады. Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алып, естелікке суретке түсті.
