26
желтоқсан
2024
«Ғажайып Жаңа жыл» "Түймедақ" тобы
https://www.instagram.com/reel/DEEWgjxN5xK/?igsh=MTY5ZTQzeWJpZzR1Nw==
Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, ойындарда өз күштерін
сынап көруге ынталандыру, қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғат
өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Қыс мезгілі келгенде бөбекжай бақшамыз тақырыпқа сәйкес безендіріліп, түрлі танымдық тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылу дағдыға айналған. Соның бірі Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.Балалар мерекелік көңіл күймен залға кірді. Балалар көңілді әнмен бастады. Сонымен қатар мерекелік тақпақтарын айтты. Ертеңгілік «Күлшеқыз» ертегісі желісі бойынша басталды. «Тышқан» биін билеген бишілер Күлшеқызға


Әр кейіпкердің ертеңгілікке кіріуіне байланысты,балалар би билеп,әндер айтты. «Мысықтар» биі және «Кішкентай Санталар» биі. Күлшеқызға арнап «Ергежейлілер »биін балалар жақсы қимылдар жасап әдемі орындап шықты. Аяз ата мен Ақшақар балалармен «Сиқырлы қалпақ» ойынын ойнады. Сонымен қатар әншілерімізде «Шырша қыста тоңбайды» әнін жақсы орындап шықты.



Қимылды ойын: «Сыйлыққа кім тез жетеді?» ойыны барысында да балалар шапшаңдық пен ептіліктерін көрсете білді. Ертеңгілік соңында Тышқандар Сиқыршының көмегімен балалардың жаңа жылдық сыйлықтарын әкеліп берді. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып берді
