«Ғажайып Жаңа жыл»
Мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобы «Ғажайып Жаңа жыл» атты ертеңгілік өткізілді
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсіндіру, шығармашылық қабілетін дамыту. Аязата және Ақшақармен көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту.
Кейіпкерлер: Мыстан, Дию, Сиқыршы, Айдаһар, Қоян, Аяз-Ата, Ақшақар.
Барысы: Желтоқсан айының 28 жұлдызы күні мектепке дейінгі орта жас «Жұлдыз» тобының «Ғажайып Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында Мыстан апа, Дию және Сиқыршы жаңа жыл мерекесіне орай кішігірім көрініс көрсетті. Ертеңгілікті «Шыршаға бардық» атты хормен бастадық. Осы сәтте Аяз ата мен Ақшақар, Қоян жылы келді. Балалармен сәлемдесті. Балалар Қоян жылына арнап «Көжектер» биін билеп берді және тақпақтарын айтты. Қоян жылы балалармен қоштасып келер жаңа жыл «Айдаһар» жылына табыс етті. Топтың сұлу қыздары «Шырша» биін биледі. Аяз ата мен Ақшақармен ойын ойынады.
Ойын: «Сыңарын тап»
Ойынның мақсаты: Көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жылдамдықтарын арттыру.
Барысы: Ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығып жіпті ұстап тұрады. Балалар кір қыстырғышпен қолғаптардың сыңарын тауып іледі.
Жаңа жыл меркесіне Жолдас Асылыммен Нұрболқызы Дария «Аққала» әнін нақышына келтіре айтты. Осы сәтте кішкентай аққалалар қуанып «Аққала» биін биледі. «Ғажайып Жаңа жыл» атты ертеңгілікті «Шырша жыры» хорымен аяқтадық.




