«Аяулы менің Анашым» "Бүлдірген" тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Аяулы менің Анашым» "Бүлдірген" тобы
04
наурыз
2025

«Аяулы менің Анашым» "Бүлдірген" тобы

https://www.instagram.com/reel/DGxQf-7sQ--/?igsh=aWJiODM1eDI0b2Qw

2025 жылдың  4 наурыз  күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Біртұтас тәрбие бағдаламасының» жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі орта жас «Бүлдірген» тобында ата - аналар қатысуымен «Аяулы менің Анашым» атты ертеңгілігі ұйымдастырылып өткізілді. 

   Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау,өздерінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қатысқаны:19 бала

 Ертеңгілік көңілді әуенмен басталды тәрбиеленуші қыздар ортаға шығып жайғасты, ұлдарымыз қолдарына шар ұстап сахнаға кіруімен басталып, би қимылдарымен жалғасты. 



Би қимылдарын орындап болған соң «Ана ана деп ән салам» хор орындалды. Қол ұстасып орындарына жайғасты.


Балалар аналарына арналған өлең жолдарын айтып берді:


Қонаққа: Қар ханшайымы келеді. Көктем ханшайымын мәңгі ұйқыға кеткенін айтады.


Балалар Көктем ханшайымын құтқарып алады. Қар ханшайымына казір қыс емес көктем мезгілі екенін айтып түсіндірді. Солай Көктемді құтқарып алады.


Қыздар биі: «Көктем сыйы»



Ән: «Ай хай қыздар ай» ұлдарымыз ән тарту етті


«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,олай болса әжелерімізге арнап  «Әжетайым» әнін Тәжік Аягөз бен Саматқызы Амина орындады. Алдияр мен Аяулым өлең шумақтарын арнады.



Ойын. «Үздік көмекші» Ойын шарты:Екі баладан шығып өз аналарына ортаға шығарып,жаюлы тұрған орамалдарды аналарыңа жылдам әкеліп береді.


Қыздардың «Гүлдер» биі




Нәтижесінде:балалар аналары мен әжелерін құттықтап, өлең айтып, ән шырқап, би билеп, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын берді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив