«Түймедақ» ересек жас тобында «Аяулы менің Анашым»
https://www.instagram.com/reel/DG400mnMuPp/?igsh=ODB1c3RhdXJobGt5
2025 жылдың 6 наурыз күні «Түймедақ» ересек жас тобында «Аяулы менің Анашым» ертеңгілігі өткізілді.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қатысқаны: 21 бала
Көңілді әуенмен балалар ортаға шығып, қатарға тұрып «Аяулы Анашым» әнін орындады. Музыка әуенімен Көктем ханшайымы келіп, балаларға Түймедақ гүлі арқылы тапсырмалар әкелді. Балалар Көктем ханшайымының тапсырмаларын толықтай орындады. Түрлі қызықты ойындар ойнады. Атап айтатын болсақ, «Құймақ» және «Кір жаямыз» ойыны ойнатылды. Мың бұралған биші қыздарымыз «Арулар» биін биледі. Сонымен қатар, Жаңа желіде ұйымдастырылған «Мақтақыз бен мысық» ертегісін сахналады. Ертеңгілік соңында балалар жүрекше арқылы аналарына арнап ән шырқады. Ата-аналар жақсы көңіл-күйде қайтты.




Нәтижесінде:Балалар 8-ші наурыз мерекесінің мәнін түсінеді.Аналарға сыйластық,қамқорлық көрсетуге үйренеді.Балалардың өз өнерлерін көрсету арқылы өздерінің жеке қабілеттері дамиды.