15
желтоқсан
2025
«Қарақат» тобы «Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» атты тақырыптық іс-шара
2025жылдың 15-желтоқсанында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының ересек жас «Қарақат» тобында «Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» атты тақырыптық іс-шара ұйымдастырып өткізілді.
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға үйрету.
Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру, елін, жерін мақтан тұтуға баулу.
Барысында: Балалар ҚР-ның әнұранымен бастады.
«Тәуелсіздік» туралы түсінік берілді. Балалар рәміздерді атады.
Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап!» ойынында балалар ақша, монеталардың көлеңкесін тауып, жабыстырды.
«Рәміздерді тап!», «Тудың бөліктерін құрастыр» дидактикалық ойындары ойнатылды.

Нәтижесінде:
– Балалар Тәуелсіздік күні, Отан, еліміздің рәміздері туралы түсінік алды.
– Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды, атайды (Ту, Елтаңба, Әнұран).
– Отанға деген сүйіспеншілігі артты, патриоттық сезімі оянды.
– Сөздік қоры молайды, тақпақ, ән айту арқылы тіл дамыту дағдысы қалыптасты.
– Өзін қазақ елінің бір бөлігі екенін сезініп, мақтанышпен қабылдайды.