«Ғажайып Жаңа - жыл» ертеңгілігі "Жауқазын" тобы
2025 жылдың 23 желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мектепке дейінгі ересек жас «Жауқазын» тобында желтоқсан айында «Ғажайып Жаңа - жыл» ертеңгілігіөткізілді.
Мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту (би билеу, ән айту, рөлдік ойындар).2. Жаңа жыл мерекесінің дәстүрі мен символикасын таныстыру, мәдени құндылыққа баулу.
3. Командалық және әлеуметтік дағдыларды жетілдіру (бірлесіп ойын ойнау, сыйластық көрсету).
4. Эмоциялық дамуды қолдау: қуаныш, мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
5. Музыкалық және көркемдік қабілеттерді дамыту: би, ән, музыкалық ойындар.





Нәтижесінде: 1. Балалар жаңа жыл мерекесін қызыға қабылдайды, эмоциялық күйі көтеріңкі болды.
2. Шығармашылық ойлау және өзін-өзі көрсету қабілеттері дамиды.
3. Топ ішінде бірлесіп әрекет жасау дағдылары жетіледі.
4. Музыка, би, өнер арқылы эстетикалық талғам қалыптасады.
5. Мерекелік рөлдік ойындарды сәтті орындай алады, мерекелік бағдарламаға белсенді қатысады.