«Ұлттық мұрам» ашық іс-әрекеті "Жауқазын" тобы
2025 жылдың 10 қараша күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Мектепке дейінгі ересек жас «Жауқазын» тобында қараша айында «Ұлттық мұрам» ашық іс-әрекетіөткізілді.
Мақсаты: Балаларды ұлттық мәдениетпен таныстыруды жалғастыру. Ұлттық қолөнердің элементтері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру.





Нәтижесінде:
• Балалар ұлттық мұра ұғымын түсінді;
• Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары туралы жаңа мәліметтер алды;
• Ұлттық киімдер мен бұйымдардың атауларын дұрыс атай білді.Дамытушылық нәтижесі:
• Балалардың сөздік қоры байыды;
• Ұлттық тақырыптағы өлең, мақал-мәтел, жұмбақтарды жаттап, мәнерлеп айту дағдылары қалыптасты;
• Қол қимылын, ұжымдық жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Тәрбиелік нәтижесі:• Балалар өз халқының мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауды үйренді;
• Ұлттық құндылықтарды бағалау сезімі оянды;
• Өз ұлтына деген сүйіспеншілігі артты.