20
наурыз
2026
«Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!» тақырыбында мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобында ертеңгілік
2026 жылдың 20 наурыз күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жоспарына сәйкес «Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем!»тақырыбында мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобында ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру,ұлттық салт-дәстүрлерді таныстыру,қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобының бүлдіршіндері «Наурыз» әнің шырқады. Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтты.Қазақтың ұлттық тағамдарымен, ұлттық киімдерімен танысты. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ату ойының ойнады. Қыздарымыз қазақтың биі «қамажай» биін биледі.
