«Орман тұрғындары» тақырыбында мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобында ашық есік күні
2026 жылдың 27 наурыз күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жоспарына сәйкес«Орман тұрғындары»тақырыбында мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобында ашық есік күні өтті.
Мақсаты: Балаларды орман тұрғындарымен таныстыру,олардың тіршілігі туралытүсініктерін кеңейту,табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
Қатысқаны:Мектепке дейінгі орта жас «Алтын сақа» тобының бүлдіршіндеріне орманда мекендейтін жабайы жануарлармен таныстырды.Қонаққа түлкі келді. Балалар түлкіге жануарлар туралы тақпақтар айтып берді. Түлкі балаларға түрлі тапсырмалар алып келді.

Балалар екі топқа бөлініп отырды. Аю тобы «көлеңкесін тап» дидактикалық ойының ойнаса, Қоян тобы «Іздеп тапта,ата» ойының ойнады.
Түлкінің тапсырмасын балалар қызыға орындады. Аю тобы пластинография әдісі арқылы түлкі мен қасқыр бейнесін жасады. Ал қоян тобы қима қағаздарды жабыстыру арқылы аю мен қоянның бейнесін жасады. Балалар түлкімен бірге сергіту сәтін жасады. 

Қояндар тобы суреттер құрастыру арқылы жануарлардың бейнесін шығарды. Ал аю тобы құмның астында жасырылған жануарларды тауып атады. Жануарлардың қайда мекендейтінің,немен қоректенетінің айтып қорытындылады. Балаларға көңілді смайликтер таратылды.
Нәтижесінде: Балалар орман жауарларын танып,атайды. Жануарлардың тіршілігі туралы қарапайым түсінік қалыптасады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі артады.