«Жұлдыз» тобында «Арайлы Алтын күз» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Жұлдыз» тобында «Арайлы Алтын күз»
01
қараша
2024

«Жұлдыз» тобында «Арайлы Алтын күз»

https://www.instagram.com/reel/DB_8AJfs6AS/?igsh=MTcxdjE4cnE4aXB2dw==

Күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар және ойындар арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Барысы: Сарымолдаев ауылы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы, мектепке дейінгі ересек жас «Жұлдыз» тобында «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік қараша айының бірінші жұлдызында ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілік барысында  бүлдіршіндер қолдарына жапырақтар ұстап шықты. Балалар сахнаға шыққа кезде «Алтын күз» атты хорын орындады. Қыздар «Қолшатыр» биін биледі. Мерекеге арналған өлең жолдарын айтты.  Осы сәтте Күз ханшайымы қонаққа келді. Балалармен сәлемдесіп түрлі сұрақтар қойды. Егінші мырза балалардан көмек сұрап келді.  Балалар  «Қырманға кел қалқатай» әніне бимен көрініс көрсетті. Бүлдіршіндер Егінші мырзаға көмектесіп жемістер мен көкөністердің түстерін ажыратып берді. Дидактикалық ойын: «Түстерін ажырат» ойынын ойнады. Ұлдар мерекеге арналған өлең жолдарын айтты.  Жолдас Асылым «Күз келгенде» әнін орындады. Қыздар әнге сай би қимылдарын жасады.   Балалар Күз ханшайымы мен бірге «Күзгі дақылдарды жина» атты дидактикалық ойынын ойнады. Қыздарымыз аналарының көмегімен жасаған түрлі көлектерімен сән үлгісін көрсетті. Қыздарды арнайы ДИПЛОМдармен марапатадық . Ертеңгілікті «Күз тамаша» хорымен аяқтады. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив