«Арайлы Алтын күз» «Қарақат» тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Арайлы Алтын күз» «Қарақат» тобы
06
қараша
2024

«Арайлы Алтын күз» «Қарақат» тобы

Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар және ойындар арқылы ой-өрісін дамыту. Күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту. Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 Сарымолдаев ауылы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы, мектепке дейінгі орта жас «Қарақат» тобында «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік қараша айының алтыншы жұлдызында ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгілік барысында   бүлдіршіндер әсем әуенмен шықты. 

Қыздар «Себет» биін биледі.


Қонаққа Күз ханшаймы келді. Балалар Күз ханшайымын көріп қуанып, тақпақтарын айтып берді.
 
 

Қонаққа қоян көмек сұрап келеді. Қыстық азығын жинап үлгермегенін айтады, балалардан көмек сұрайды. Дидактикалық ойын: «Кім жылдам» ойынын ойнайды. 
 

Ұлдар мерекеге арнап «Кірпі» биін билейді.


Балалар ертеңгілікті «Күз, күз, күз» хорымен аяқтады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив