«Электронды білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары» №1 Әдістемелік кеңес » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Электронды білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары» №1 Әдістемелік кеңес
19
қыркүйек
2025

«Электронды білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары» №1 Әдістемелік кеңес

2025 жылдың 19 қыркүйек  күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  жоспарына сәйкес «Мотивация» шығармашылық топ   мүшелері:  Н.О. Муканова, Н.К.Далишова,  А.К.Дукенбаева, А.С.Алпеисов,  Э. Токбаева,  Ж.А.Ерен «Электронды білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында  тәрбиешілерге дөңгелек үстел  өткізді. 

Мақсаты:

Педагогтердің электронды білім беру ресурстарын (ЭБР) тиімді пайдалану арқылы оқу процесінің сапасын арттыруға, тәрбиеленушілерді  білім алуға деген қызығушылығын дамытуға және заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне жағдай жасау

Міндеттері:

  1. Электронды білім беру ресурстарының түрлерін, мүмкіндіктерін және артықшылықтарын талдау.
  2. ЭБР-ды сабақтың түрлі кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту, бағалау) қолдану жолдарын көрсету.
  3. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік қолдау жасау.
  4. Тәрбиеленушілердің  жеке қабілетін дамытуға, шығармашылық ойлауын жетілдіруге арналған ЭБР үлгілерін пайдалану.
  5. Қашықтан және аралас оқытуда ЭБР-дың тиімділігін дәлелдеу.
  6. Білім беру процесінде уақытты үнемдеу мен сапаны арттырудағы электронды ресурстардың рөлін анықтау.
    «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының  «Мотивация» топ жетекшісі:              Н.О. Муканова «Электронды білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында презентациясын таныстырды. Тәрбиешісі: А.К.Дукенбаева «Мектепке дейінгі жастағы балалармен сахналық жұмыс  жүргізу   әдістемесі» тақырыбында  презентациясын таныстырды  және «Wordwall» туралы  видеоролик   арқылы  көрсетті.                               
Тәрбиеші: Н.К.Далишова «Shyraq.AI» платформасы  туралы, видеоролик  көрсетті, платформаның  тиімді жақтарын түсіндірді.                                                                                                        
Дене тәрбие  маманы: А.С. Алпеисов «Balafunny» каналы арқылы таңғы жаттығулардың дайын кешендерін алып, жұмыс барысында қолдануға  болатынын   түсіндірді.                                 
Тәрбиеші: Э.Токбаева «BilimLand»- кешенді білім беру платформасы. Ол сапалы видео сабақтар, интерактивті тапсырмалар және тестілер арқылы балалардың білімін жүйелі түрде жетілдіруге көмектесетіні туралы айттып түсіндірді. Сондай-ақ, қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Тәрбиеші: Ж.А.Ерен.  Практикалық  бөлімініде  «PowerPoint» - программасы арқылы «Көкөністерді  себетке сал!» ойынның жасалу жолдарын ,көрсетіп түсіндірді.

Нәтижесінде: қатысқан педагогтерге  қажетті платформалар мен  каналдарың тиімді және де уақытылы  жасалу  жолдарын  меңгерді, өздеріне  қажетті           әдістерді   пайдалану   жолдарын  үйренді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив