«Құзыреттілікке бағытталған оқыту: теория және практика» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Құзыреттілікке бағытталған оқыту: теория және практика»
18
қазан
2024

«Құзыреттілікке бағытталған оқыту: теория және практика»

2024 жыл  қазан айының 18 күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорнының  құзыреттілік орталығының  жоспарына  сәйкес «Құзыреттілікке  бағытталған  оқыту: теория   және  практика» тақырыбында  өсу  нүктелері  болып  бекітілген балабақшалардың  педагогтеріне  арналған семинарұйымдастырылып, өткізілді. 

Семинардың мақсаты:

Тәрбиешілердің  құзыреттілікке  бағытталған оқытудың  мазмұны  мен  әдіс-тәсілдерін  меңгеруіне  ықпал  ету,  олардың  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру.

Қатысқаны: 18 тәрбиеші.

Семинар  барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі  Токбаева Э Ж «Құзыреттілікке бағытталған  оқыту: теория және практика» тақырыбында  презентациясын  таныстырыды. Презентация:Құзыреттілік ұғымы және оның педагогикадағы маңызы. Балабақшадағы құзыреттіліктер түрлері (танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік).Балабақшада құзыреттілікті қалыптастырудың заманауи тәсілдері.



Практикалық бөлімінде : Ойын «Соқыр жетекші» Тәрбиеші: Токбаева Э.Ж 



Ойын: «Құндылық пирамидасы» Тәрбиеші: Алтынбасова Айдын.


Ойын: «Рөлдік ойындар» Тыныштықбаева  Қ.С



Рефлексия: «Жобалық жұмыс»Тәрбиеші: Токбаева Э.Ж

Тапсырма: Әр топқа «Заманауи балабақша» атты шағын жоба әзірлеу тапсырмасы берілді. Топтар жобасын таныстырып қорғап шықты.


Семинардың қорытынды бөлімінде :“Ой картасы” әдісі: Қатысушылар тренингтен алған әсерлері мен білімдерін  плакатқа  сурет салып  кесте немесе сызба арқылы бейнеледі.Тренингтің тиімділігі туралы кері байланыс.



Нәтижесінде: семинарға қатысқан педагогтер «Құзыреттілікке бағытталған  оқыту: теория және практика» бағытында  білімдерін жинақтады. Құзыреттілікке  бағытталған оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы қандай екенің  меңгерді. Балаларды топтарға бөліп, әрқайсысына белгілі бір тапсырмалар беру арқылы оларды бірге жұмыс істеуге, бірігіп ойлауға үйрету. Бұл балалардың әлеуметтік дағдыларын, коммуникативтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мысалы, топпен бірге сурет салу, әр түрлі қолөнер жұмыстарын жасау арқылы балалар бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін , әдістерін қолдануды үйренді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив