«Балабақшада құзіреттілікке бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану»
2024 жыл қараша айы 15 күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес«Балабақшада құзіреттілікке бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану» тақырыбында бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған семинарұйымдастырылып, өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында құзіреттілікке бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданудың маңыздылығын талқылау. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, балалардың танымдық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді әдістерді тәжірибеде қолдану жолдарын қарастыру.
Қатысқаны: 12 тәрбиеші.
Дөңгелек үстел барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Шанбаева Ж.Е «Балабақшада құзіреттілікке бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану» баяндамасы оқылды. Құзыреттілік ұғымы және оның педагогикадағы маңызы. Балабақшадағы құзыреттіліктер түрлері (танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік).Балабақшада құзыреттілікті қалыптастырудың заманауи тәсілдері.
Жылулық шеңбері: «Менің атым немесе есімдер сыры»


Ойын: «Сыйқырлы тақия» Тәрбиеші: Шанбаева Ж.Е



Тәрбиеші: Далишова Н.К. «Құзіреттілікке бағытталған білім берудің балабақша жасындағы ерекшеліктері» тақырыбында презентациясын таныстырды.


Ойын: «Шаңырақ» Тәрбиеші: Іргебаева П.Н.


Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде : «Тілек шамы» әдісі: Қатысушылар тренингтен алған әсерлері мен білімдерін қорытындылап айтып шығады.
Нәтижесінде: қатысқан педагогтер «Балабақшада құзіреттілікке бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдану» бағытында білімдерін жинақтады, педагогтер құзіреттілікке бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығын түсініп, оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгереді. Балалардың танымдық, әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға арналған тиімді әдістерді игеріп, өзара тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, балабақшадағы білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін заманауи әдістерді қолдануға дайындығы артады.