ҰІӘ "Үй жануарлары қалай дыбыстайды?" Еркетай" тобы
https://www.instagram.com/reel/DCXAXKZMSkz/?igsh=aG45aGRod3N3bGY0
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру
Міндеттері:Сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.
Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету. Үй жануарларымен таныстыру.
Жануарларға қамқорлық жасауға баулу.
«Еркетай» кіші жас тобында Ұйымастырылған ашық іс-әрекеті өткізілді.Балалар қонақтармен амандасып болған сон өткен іс-әрекетін еске түсірді.Интер белсенді арқылы үй жануарларының дыбысымен танысты.Балалар тіл ұстарту жаттығуын белсене айтты. Ғажайып сәтке Әже келіп,балалармен үй жануарларымен жабайы аңдарды ажыратып дидактикалық ойын ойнатты.
Карақұл Самғат,Бейсенбек Бек тақпақтарын айтып, артынан сергіту сәті орындалды.Жасанды интеллект арқылы қой мен сиырдың тапсырмаларын топқа бөліне отырып орындады. Шығармашылық жұмыста балалар қойдың жүнін жапсырды,қыздармен қосыла отырып әжеге құрт жасап берді.
Ермексазды алақан арасына салып, саусақтарымен
ұсақтау тәсілдерін меңгерді. Заттардың ұқсастығын таба білулерін қалыптастырды мүсіндеуге деген
қызығушылықтары артты ,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимылы жетілді.

