АҰІӘ «Қыстап қалатын құстар» "Бүлдірген" тобы » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АҰІӘ «Қыстап қалатын құстар» "Бүлдірген" тобы
28
қараша
2024

АҰІӘ «Қыстап қалатын құстар» "Бүлдірген" тобы

https://www.instagram.com/reel/DDFkoiAzM52/?igsh=MTJ3YzI2MjNjcW5uOA==

Дауыссыз дыбыстар: т, қ, с дыбыстарын анық айтуға үйрету, балалардың сөздік қорын ойындар мен   ойын жаттығулары арқылы кеңейту,жаңылтпаштар, тақпақтар жаттауға баулу мақсатында мектепке дейінгі орта жас «Бүлдірген» тобында «Қыстап қалатын құстар» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Балаларға интербелсенді тақта арқылы отырықшы құстар туралы бейнеролик және олардың дыбыстауын таныстырды.Қонаққа Сауысқан ұшып келіп, сиқырлы сандық алып келді.


Сандықтың ішіндегі тапсырмаларды орындау үшін балалр үш топқа (қарға, сауысқан, торғай) бөлінді.

1 -топ: Қарға 

Дидактикалық ойын: «Қолшам» әдісімен құсты тауып,атады.


2-топ: Торғай 

Дидактикалық ойын: «Кубик» әдісі бойынша торғайды құрастырды.


3-топ: Сауысқан 

Дидактикалық ойын «Қыстап қалатын құстарды ата». Мнемокесте арқылы қыстап қалатын құстарды атап, кестелерге орналастырды.

Балалар құстар туралы тақпақтары мен жаңылтпаштарын айтты. Сергіту сәтінде стакан арқылы ритмикалық жаттығу жасады.


Шығармашылық жұмыстармен топ бойынша жұмыс жасады.

1-топ: Эбру әдісімен құс бейнесін салды.


2-топ: Марблс тастары арқылы түстерді толықтырды.


3-топ: Құстарға арналған ұя құрастырды.

Балалар орындарына отырып, тыныс алу мүшелерін дамытуға арналған «Құстарды ұшырайық» атты тыныс алу жаттығуларын орындады.


Луллия дөңгелектері арқылы ұсақ қол қимылдарын дамытуға арналған дидактикалық ойын «Құстарды сәйкестендір» ойынын ойнады және пайда болған құстарды атады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив