14
ақпан
2025
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» «Қарақат» тобы
2025 жылдың 14 ақпан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Біртұтас тәрбие бағдаламасының» жоспарына сәйкес Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналардың қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.
«Шебер әке, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауына орта жас «Қарақат» тобының тәрбиеленушісі Қанатбек Арнас әкесі Срайыл Жалғаспен бірге « Менің домбырам» тақырыбында қолдан бұйым жасады, Ануарбек Мансур әкесі Бейсенова Мадимен қатысып қалдық заттардан «Қошқармүйіз ою» тақырыбында көрме жасап байқауға қатысты.
