«Ғажайыптар әлемі» тақырыбында өткізілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында өткізілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
11
қараша
2025

«Ғажайыптар әлемі» тақырыбында өткізілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

2025 жылдың 11 қараша күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мектепалды «Жұлдыз» тобында тәрбиеші Тыныштықбаева Қарлығаш Сабырбекқызы «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. 

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:

Сөздерге дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау. 

Дауысты және айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дауыссыз к-қ, ж-ш, дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. 

Денелерді (шар, текше, цилиндр) танып атай білуге үйрету.

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар шаттық шеңберге тұрып, келген қонақтармен сәлемдесті. Топқа Буратино көмек сұрап келіп, балалар Word wall платформасы арқылы екі топқа бөлініп, Сауысқанның тапсырмаларын орындады.

Бірінші тапсырма: «Қызықты математика»  

І топ: «Сәйкестендір»  1-10 ға, дейін тура және кері санау.

ІІ топ.«Сиқырлы пішіндер»Геометриялық фигуралардың (шар, текше, цилиндр)пішіндерін ажыратып, түстерін атау.

Екінші тапсырма: «Жұмбақтар» Балаларға жұмбақ қойылып, жауаптарына дыбыстық талдау жасап, буынға бөлді.

Үшінші тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»

Ламанатталған кілт

Төртінші тапсырма: «Дыбыстарды ажырат» ойыны

Бесінші тапсырма: «К» дыбысы

І топ: магнитті тақтайшаның көмегі арқылы «К» дыбысын жазу.

ІІтоп: LCD планшеті арқылы«К» дыбысын жазу.

Балалар тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, Буратиноның кілтін тауып берді.

Сауат ашу негіздері дәптеірмен жұмыс жасады.

 «Жасырылған дыбыстар» дидактикалық ойынын ойнады.

Шарты: түрлі-түсті шарға жасырылған суреттің атауын атап, дыбыстық талдау жасау.

Нәтижесінде:Балалар сөздерге дыбыстық талдау жасауды, дауысты және айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дауыссыз к-қ, ж-ш, дыбыстарды дұрыс, анық айтуды,денелерді (шар, текше, цилиндр) танып атай білуге үйренді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив