18
наурыз
2026
«Ұлттық киім» күні
2026 жылдың наурыз айынның 18 жұлдызы күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай ересек жас «Бүлдірген» тобының тәрбиеленушілері ұлттық киімдер шеруін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімдердің ерекшеліктерін таныстыру, ұрпақтар сабақтастығын көрсету және қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастыру.
Шеруге тек тәрбиеленушілер ғана емес, сонымен қатар әр буын өкілдері белсене қатысты. Атап айтқанда, кимешек киген әжелер, орамал таққан келіншектер және шекелік, шашбау тағып, қазақы көйлек киген қыздар ұлттық киімнің көркемдігін паш етті. Әр буын өкілдерінің қатысуы арқылы қазақ халқының киім мәдениетінің сабақтастығы мен терең мағынасы кеңінен ашылды.
Шара барысында қатысушылар ұлттық киімдерді сән-салтанатымен таныстырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ересектердің үйлесімді қатысуы мерекенің мазмұнын байытып, тәрбиелік мәнін арттыра түсті.
Нәтижесінде:Ұлттық киімдер шеруі арқылы қатысушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артып, эстетикалық талғамы қалыптасып, ұрпақтар арасындағы байланыс нығая түсті.

https://www.instagram.com/reel/DWBiwUojN5T/?igsh=NzR1MThsbnZnd3hy