«Нан қайдан келеді?» ашық есік күні
2026 жылдың 27ақпан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жоспарына мектепке дейінгі орта жас «Құлпынай» тобында «Нан қайдан келеді?» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: Нанның дастарханға қалай келу жолдарын ажырата білуге дағдыландыру. Баланың танымдық ойлау қабілетін, шығармашылығын, қол-саусақ моторикасын дамыту. Міндеті:Нанның дастарханға қалай келу,қандай еңбекті қажет ететін жолдарын білуге меңгерту. Баланың танымдық ойлау қабілетін, шығармашылығын, қол-саусақ моторикасын дамыту.
Қатысқаны: 22 тәрбиеленуші және ата-ана
Ашық есік күні ата-аналарға балабақшадағы тәрбие мен оқыту процесін көруге, балалардың шығармашылық, ойын дағдыларымен танысуға мүмкіндік берді.Балаларды қазақ халқының мәдени мұрасы домбыра күй күмбірі арқылы жылы қарсы алып, ата-аналарымен амандасып. Бүгінгі күнді көтеріңкі көңіл күймен бастадық.
Таңғы жаттығу барысын: Дене тәрбиесі нұсқаушысы-Альпейсов Ардақ ағай таңғы жаттығуды ұйымдастырды
Таңғы ас – күннің ең маңызды асы. Таңертенгі ас балаға күш-қуат береді, көңіл – күйін көтереді, ойлау қабілетін арттырады.
Дене тәрбиесі нұсқаушысы -Альпейсов Ардақ ағай кестеге сай ұйымдастырлған іс-әрекеті өткізілді.
Іс-әрекет барысында балаларға нанның қандай еңбекпен дастарханға келетіні туралы қысқаша мағлұмат айтылды. Кейін интербелседі тақтадан нанның қалай және қайдай жолмен келетіні жайлы, үлкен еңбекті қажет ететіні туралы бейнежазба көрсетілді.
Кейіпкер: Наубайханашы апай келді. Наубайханашы апай нанның дайындалу жолдарымен таныстырды.Сонымен дидактикалық ойын арқылы балалар нанның қандай еңбекпен келетіні туралы танысты, балаларды қазақ халқының мәдени мұрасы домбыра «Келіншек» күй күмбірі арқылы сергіту сәтті орындалды, шығармашылық жұмыстар жүргізілді.Кейіпкер: Наубайханашы апай келді. Наубайханашы апай нанның дайындалу жолдарымен таныстырды.Сонымен дидактикалық ойын арқылы балалар нанның қандай еңбекпен келетіні туралы танысты, балаларды қазақ халқының мәдени мұрасы домбыра «Келіншек» күй күмбірі арқылы сергіту сәтті орындалды, шығармашылық жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде:Тәрбиеленушілер нанның үлкен еңбекпен келетіні туралы және ұннан нанды жасау жолдарын және наубайхандан шағын дүкендерге, үлкен сауда орталықтарына жеткізілетіні туралы білді.https://www.instagram.com/reel/DVVivjWEuAX/?igsh=MXFweWhnbjUxaXhtOQ