"Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу" тренингі » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу" тренингі
24
қаңтар
2025

"Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу" тренингі

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


«Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу» тақырыбында педагогтер арасында өткізілген тренинг туралы                                                                                               АНЫҚТАМА


Сарымолдаев ауылы                                                  24 қаңтар  2025 жыл


2025 жылдың 24 қаңтар күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу» тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. 

Тренингтің  мақсаты:

  1. Педагогтардың кәсіби күйзеліс деңгейін төмендету.
  2. Күйзелісті жеңудің тиімді тәсілдерін үйрету.
  3. Эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру және ресурстарды толықтыру.

Қатысқаны: 12 тәрбиеші

Тренинг барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы Д.А.Дарибаева «Педагогтің кәсіби күйзелісін алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Онда: күйзелістің алдын алу ойындарының түрлері мен әдістері туралы, сондай-ақ қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 


Практикалық бөлімінде «Сиқырлы сандық», «Айнаға қара» мотивациялық ойыны, «Өзіңді тереңірек тани біл» тренинг-жаттығуы, «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім» ойын жаттығуы, сонымен қатар «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу  өткізілді. 





Тренингтің қорытынды бөлімінде күйзелістің алдын алу жолдары мен әдістері тақырыбында талқыланды, пікір-алмасты, ұсыныстар беріліп, сұрақ-жауаптармен алмасты.



Нәтижесінде: тренингке  қатысқан педагогтер күйзеліс туралы білімдерін жинақтады,күйзелістің алдын алу жолдарын меңгерді, күйзеліске түспеудің әдістерін қолдануды үйренді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив