«Позитивті қарым-қатынас құру әдістері» коучинг
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Позитивті қарым-қатынас құру әдістері» тақырыбында педагогтер арасында өткізілген коучинг туралы АНЫҚТАМА
Сарымолдаев ауылы 07 ақпан 2025 жыл
2025 жылдың 07 ақпан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Позитивті қарым-қатынас құру әдістері» тақырыбында өсу нүктелері болып бекітілген балабақшалардың педагогтеріне арналған коучинг ұйымдастырылып, өткізілді.
Коучинг мақсаты:
Педагогтардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Арт-терапия арқылы позитивті қарым-қатынас құралдарын меңгеру.
Эмоциялық күйзелісті азайтып, ұжымдағы жағымды атмосфераны нығайту.
Қатысқаны: 12 педагог
Коучинг барысында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы Д.А.Дарибаева «Позитивті қарым-қатынас құру әдістері» тақырыбында кіріспе бөлімімен таныстырыды. Онда: позитивті қарым-қатынасын дамыту ойындарының түрлері мен әдістері туралы, сондай-ақ қажетті ресурстар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Практикалық бөлімінде «Ия» «Жоқ» ойыны, «Автопортрет» ойыны, «Қара нүкте» тренинг-жаттығуы, «Адасқандар» ойыны өткізілді.





Коучингтің қорытынды бөлімінде позитивті қарым-қатынас құрудың тиімді жолдары туралы талқыланды, өзара пікір-алмасты, жеке ұсыныстар беріліп, сұрақ-жауаптармен алмасты.

Нәтижесінде: коучингке қатысқан педагогтер пизитивті қарым-қатынас құру туралы білімдерін жинақтады, тиімді жолдарын меңгерді, қолайлы әдістерін қолдануды үйренді.