«Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістер мен ойындар» » «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 324-10-50
Есепші бөлімі:
+7 (707) 376-63-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістер мен ойындар»
20
желтоқсан
2024

«Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістер мен ойындар»

2024 жылдың 20-шы желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес «Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістер мен ойындар» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылып, өткізілді. 

Шебер сынып мақсаты:

Балабақша педагогтеріне балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таныстыру, шығармашылық тапсырмалар мен ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға көмектесу. 


Қатысқаны: 18

Шебер –сынып барысында «Таңшолпан» бөбекжай –бақшасының тәрбиешісі  А.Б Адилбекова «Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістер мен ойындар» тақырыбында презентациясын таныстырды. Онда логикалық ойындардың түрлері мен әдістері туралы, сондай –ақ қажетті ресурстар  туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Сандықтан асық, домбыра,қамшы алу арқылы үш топқа бөліп алдық


Сөзжұмбақ,  мақал-мәтелді жалғастыр логикалық ойындар ойнатылды.



Ертегі қуыршақтарын қолданып ертегі құрастырып шеберлік танытты.



Нәтижесінде: Педагогтар балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған нақты әдістер мен ойындар туралы түсінік алды.

Әр педагог өз жұмысына қолдануға болатын жаңа әдістер мен тапсырмаларды үйренеді.

Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тәсілдер мен ойындар балаларға қызықты әрі тиімді түрде ұсынылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив